nРадиациялық сәулелену арқылы тігілу
сондай – ақ ион – радикалды
реакция және электронды
процестегі қозған бөлшектер
қатыспай арқылы да жүреді. Тігілумен қатар деструкция, циклизация және басқа
процестер жүруі мүмкін.сегменталды
қозуды көтергенде мысалы қыздырғанда тігу тездетеді бұл кезде деструкциялық
процестің де ролі артады.
n
nБүйірлік топтары жоқ яғни
стеритикалық кедергісі жоқ полимерлер әлдеқайда оңай вулкандалады.
Кристалдану дәрежесінің өсуі тігу процесін қиындатады. Көп
жағдайларда тігу сутек бөлінумен жүреді.
n
nПолимерлердің вулкандауға бейімділігі
құрамында үштік көміртек атомы бар (полипропилен) төмендейді, ал
төрттік көміртек атомдарымен (полиизобутилен, бутилкаучук, полиметилметакрилат) сәулелену
арқылы ешқандай тігілуге түспейді. Полимер құрамында фенил
ядроларының болуы радиациялық вулкандау эффективтілігін
төмендетеді, олар сәулелену кезіндегі энергияны бойына жұтады.
Полимерлердің сәулелену
композицияларына винил топтарын ендіру деструкция дәрежесін, ал ароматтар – тігу
дәрежесін төмендетеді, бұл полимерлерді радиациялық
сәулеленуден сақтаудың бір түрі болып табылады.